Бастауыш сыныптың 60% дәстүрлі режимде оқиды - министр

0
927

Министр оқытудың аралас формасы таңдалғанын атап өтті.


Бастауыш сыныптың 60% дәстүрлі режимде оқиды - министр

ERNUR.KZ. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кезекші сыныптарды енгізу қажеттігін түсіндірді, деп жазады ҚазАқпарат.


«Дәстүрлі оқыту – бұл ақпарат пен білімді жалпы беру ғана емес, балалар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты білдіреді. Бұл белгілі бір мәдениет, бұл әлеуметтену мәселелерін де қамтиды. Ал қашықтан оқыту арқылы мұны үйрету өте қиын», - деді министр елордадағы №73 мектеп-лицейінде.


Сол себепті министр оқытудың аралас формасы таңдалғанын атап өтті.


«Күрделі жағдайға қарамастан, бастауыш сыныптар ата-анасының қалауымен кезекші сыныптарда оқи алады. 1-4 сыныптарда білім алушылардың 60% жуығы дәстүрлі режимде білім алады. Жалпы 7 мың мектептің 3 мыңға жуығы қалыпты режимде оқытылады. Түсінікті себептерге байланысты қашықтан оқытатын мектептер қиындықтарды еңсеріп, сапалы білім беруге қажетті жағдай жасауы қажет», - деді А. Аймағамбетов.