Басына пакет кигізген: қоқыстан табылған сәби өліміне қатысты тың дерек шықты

0
1 023

Дәрігерлер оқиға орнына келгенде жаңа туған шақалақ "клиникалық өлім" жағдайында болған екен.


Басына пакет кигізген: қоқыстан табылған сәби өліміне қатысты тың дерек шықты

ERNUR.KZ. Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәрестені құтқаруға мүмкіндік болмады. Медицина қызметкерлері сәбиді неліктен аман алып қала алмағанын айтып берді, деп жазады sputniknews.kz.

Жедел жәрдем қызметі оқиға орнына хабар түскеннен кейін жеті минутта жетіпті.

"Қоқыс жәшігінде енді ғана туған ұл жатты, оның басы пакетпен оралған болды. Шақалақ "клиникалық өлім" жағдайында еді. Дәрігерлер оны аман алып қалуға тырысты, бірақ мүмкін болмады. Нәрестенің денесі мәйітханаға жеткізілді", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жергілікті "Алау" басылымына.

Кеше сәбидің денесін қоқыс жәшігінен Қостанай тұрғыны тауып алды. Құқық қорғау органдарының өкілдері оқиға орнына бірден жетті.

"Полиция қызметкерлері жақын маңдағы үйлерді аралап, тұрғындардан сұрастыруда. Бұған қоса, бейнекамера жазбалары қаралып жатыр. Іздестіру жұмыстарына кинолог мамандар да тартылды", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шақалақтың анасы әлі табылған жоқ. Нәрестенің қашан және неден қайтыс болғанын сараптама анықтайды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.