Болашақта жер телімдері тиімді пайдалану үшін мұқтаж тұлғаларға табысталатын болады.
ERNUR.KZ. Шыңғырлау ауданының прокуратурасы жер заңдылығының сақталуы бойынша жүргізілген талдау қорытындысы негізінде шаруа қожалықтары жер телімдерін мақсатына сәйкес пайдаланбайтынын анықтады. Прокуратура жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізді, деп жазады inbusiness.kz.
Осылайша, қадағалау актісі негізінде мемлекетке 231 млн теңге соммасында жалпы көлемі 12 234 га 22 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері қайтарылды.
Болашақта жер телімдері тиімді пайдалану үшін мұқтаж тұлғаларға табысталатын болады.