Батыс Қазақстанда оқушыларға жазғы демалыста 42 500 теңге төленеді

0
2 332

Батыс Қазақстан облысында жазғы демалыста мектеп бау-бақшасында еңбектенген оқушыларға ақша төленеді.


Батыс Қазақстанда оқушыларға жазғы демалыста 42 500 теңге төленеді

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында жасы 14-тен асқан оқушылар жазғы демалыста айына 42 500 теңгеден ақша таба алады, деп жазады sputnik.kz.

Бұл бастама "Менің аулам – менің бақшам" жобасы аясында іске асырылмақ. Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысы 12 ауданының мектептері осы идеяға қолдау білдірген. Оқушылар ата-анасы келісім берген жағдайда жаз бойы бау-бақшада еңбектенеді.

"Жобаға қаланың жеті мектебі қатысады. Оқушыларға үш ай демалысты тиімді және пайдалы өткізуге мүмкіндік бергіміз келеді. Орал қаласының жұмыспен қамту орталығы 120 оқушыға 42 500 теңге төлейді", - деді қалалық білім бөлімінің қызметкері Тұрсын Теміршеева.