Бауыржан Байбек қандай тарифтер төмендейтінін айтты

0
1 059

Жанар-жағармайдың қымбаттауына қарамастан соңғы 7 жылда Алматыдағы қоғамдық көліктің жолақысы көтерілмеді.


Бауыржан Байбек қандай тарифтер төмендейтінін айтты

ERNUR.KZ. Жанар-жағармайдың қымбаттауына қарамастан соңғы 7 жылда Алматыдағы қоғамдық көліктің жолақысы көтерілген жоқ. Бұл туралы Бауыржан Байбек тұрғындармен кездесу кезінде айтты, - деп жазады BAQ.KZ

Әкім қала тұрғындарының қалтасына салмақ түсірмеу мақсатында әлеуметтік маңызы бар салалар қала бюджетінен субсидияланып келе жатқанын айтып өтті.

«Жанар-жағармайдың қымбаттауына қарамастан соңғы 7 жылда Алматыдағы қоғамдық көліктің жолақысы көтерілген жоқ. Негізі жолаушылар төлейтін жолақының өз бағасы анағұрлым жоғары. Оны қала әкімдігі субсидияландырып келеді. Егер санайтын болсақ, бір күнде миллионнан астам транзакция жасалады», - деді ол.

Сонымен қатар ол, жолақысына қатысты қосымша жеңілдіктер де қарастырылғанын атап өтті.

«Мәселен, оқушылар, студенттер, 75 жасқа дейінгі зейнеткерлер мер көпбалалы аналар қаладағы қоғамдық көліктің барлығында 50% жеңілдікпен 40 теңге ғана төлейді. Жалпы алғанда бұл 400 мың адамдай», - деді Б. Байбек.

Жыл сайын қала бюджетінен түрлі әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларға 76 млрд теңге бөлінеді екен. Егер оған «Бақытты отбасы» бағдарламасын қосса бұл сома 80 млрд теңгеден асып жығылатын көрінеді.

«Мемлекет басшысының бұйрығымен жыл басынан бері коммуналдық қызметтер тарифі төмендетілді. Жылу –18%, газ —16%, су және қоқысты шығару —10%, лифтіні жабдықтау - 8,5%, ТҮШ қызметі —6% төмендеді. Тарифтердің айырмашылығын субсидиялау үшін жақын арада қала бюджетінен 1,6 млрд теңге бөлінеді», - деді қала басшысы.