Бауыржан Байбек зейнеткерлерге кеңес берді

0
1 413

​Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек балабақша санының аздығы туралы мәселені қозғады. Ол зейнеткерлерге үйде бала тәрбиесімен ақылы түрде айналысуға болатынын айтты.


Бауыржан Байбек зейнеткерлерге кеңес берді

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек балабақша санының аздығы туралы мәселені қозғады. Ол зейнеткерлерге үйде бала тәрбиесімен ақылы түрде айналысуға болатынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ baq.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Ол цифрландыру ғасырында адамдар бір-бірімен араласа бермейтінін, сол үшін жергілікті билік қызығушылығы ортақ қариялардың басын қосуға ниетті екенін жеткізді.

«Біздің ұжымымыз, достарымыз, араласатын таныстарымыз бар. Қариялар үшін бұл қиын мәселе. Біз үйде отырдан жалыққан зейнеткерді ортақ қызығушылықтары бойынша байланыстырғымыз келеді. Олар бір-бірімен танысқаннан кейін бірге жүріп, бірге қалаған жерлеріне бара алады. Ең бастысы – оларды тыңдайтын алаң бөлуіміз керек. Пәтерлері бар апа-аталар бар, соларға ақысын төлеп, балаларыңызды қаратуға болады. Күні бойы жейтін тамағын дайындап кетсеңіз, қажет болғанда ысытып алады немесе тамақ дайындау үшін ақысын төлеп кетсеңіз болады. Олар баламен бірге күні бойы бірге болып, теледидар көріп, аулаға шығып серуендейді», - дейді қала әкімі.

Ол өзінің қабылдауына тәжірибесімен бөлісіп, кеңес бере алатын зейнеткерлердің де келетінін айтты. Бауыржан Байбек қалада құрылыс қаншалықты қарқынды жүріп жатқанымен, балабақшалар саны аз екенін атап өтті. Сол себепті бала тәрбиесін зейнеткерлерге тапсыруды ұсынды.