Баянауылдағы демалыс орындары қайта жабылады

0
1 042

Павлодар облысында коронавирус жұқтыру деректері жиіліп кеткен.


Баянауылдағы демалыс орындары қайта жабылады

ERNUR.KZ. Баянауылдағы демалыс орындары жұмысын кілт тоқтатпақ. Бұл туралы Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов әлеуметтік желіде аудан тұрғындары мен қонақтарына жолдаған үндеуіне айтты, деп жазады zakon.kz.

"...Баянауыл ауданының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 16 маусымда сағат 00-ден бастап Баянауыл, Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр, Біржанкөл демалыс аймағының барлық демалыс үйлері мен жағажайлары санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін жабылады. Бұл - бірінші кезекте әр адамның амандығы үшін өте маңызды. Сондықтан аудан тұрғындары карантиндік тәртіпті сақтап, сыртқа шыққан жағдайда маска кию және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырамын", - дейді әкім.