Бақытжан Сағынтаев өңірлерді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

0
1 255

Кеңес барысында Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев пен Батыс Қазақстан облысының әкімі А. Көлгінов ағымдағы жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар және көлік-логистика саласын, АӨК, отын-энергетика кешенін, туризмді, сауданы, білім беру саласын, денсаулық сақтау саласын, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, индустрияландыру, технологиялық жаңарту және цифрландыру жұмыстарын жүргізу, инвестициялар тарту және өнімді жұмыспен қамту мәселелері бойынша 2018 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады.


Бақытжан Сағынтаев өңірлерді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ел өңірлерінің экономиканы дамыту бойынша 2018 жылға арналған мақсатты индикаторларға қол жеткізу мәселелері бойынша селекторлық режимде жұмыс кеңесін өткізді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Кеңес барысында Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев пен Батыс Қазақстан облысының әкімі А. Көлгінов ағымдағы жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар және көлік-логистика саласын, АӨК, отын-энергетика кешенін, туризмді, сауданы, білім беру саласын, денсаулық сақтау саласын, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, индустрияландыру, технологиялық жаңарту және цифрландыру жұмыстарын жүргізу, инвестициялар тарту және өнімді жұмыспен қамту мәселелері бойынша 2018 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады.

Кеңес барысында мәселелерді талқылауға ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, энергетика министрі Қ. Бозымбаев, қаржы министрі Б. Сұлтанов, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова, ауыл шаруашылығы вице-министрі Г. Исаева, білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова қатысты.

Өңір әкімдерінің есептерін тыңдау жұмыстары жалғасуда.