Ілеспе қағазын алған кезде өнімдердің бәрі тексеруден өтеді.
ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов қазір елде құс тұмауы таралғанымен, дүкен сөрелеріндегі құс еті қауіпсіз екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz.
«Құс өнімдерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Ол өнімдер нарыққа ветеринарлық құжаттарының ілеспе қағаздарымен келеді. Ілеспе қағазын берген кезде ол өнімдердің бәрі тексеруден өтеді. Өндірген өнімді тексеретін зертхананың сараптамасы жасалғаннан кейін, өнімге ветеринарлық анықтама беріледі. Сондай-ақ, өнім базарға келіп кіргеннен кейін де, сауда орнының ветеринарлық-санитарлық сараптама жасайтын зертханасында тексеріледі. Әр сауда орнында тексеріліп, күнделікті қадағаланып отырады. Сондықтан да, базардағы тауық өнімінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілген деп толық айта аламын», – деді Тұрсын Қабдолданов.