Қазір күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
ERNUR.KZ. Рудный қаласында орталық базарда жарылғыш зат қойылғанын айтқан 34 жастағы ер адам қамауға алынды, деп жазады ҚазАқпарат.
Рудный қаласы полиция бөлімінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 14:00 шамасында болған. Полицияға 50 лет октября көшесіндегі «Бак-Бак» базарына «бомба» қойылғаны туралы анонимді хабарлама түскен.
«Тергеу амалдарын жүргізу барысында осы ақпарат тексерілді. Жарылғыш зат табылған жоқ. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері жалған хабар таратқан 34 жастағы ер адамды анықтады», - делінген полицияның ақпаратында.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазір күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.