Бейнебаян түсірген Алматы метросының қызметкерлері елді сүйсінтті (видео)

0
983

Биыл Алматы метросына 8 жыл.


Бейнебаян түсірген Алматы метросының қызметкерлері елді сүйсінтті (видео)

ERNUR.KZ. Мегаполис тұрғындары үшін қызмет ететін тұңғыш әрі жалғыз метрополитенге елдің сұранысы азаймақ емес. Керісінше, күнделікті күйбең тіршілікпен жүрген жұрт 2011 жылы пайдалануға берілген қоғамдық көліктің қауіпсіздігі мен жылдамдығына тәнті. Ал биылғы мерекеде метрополитен қызметкерлері халыққа күтпеген сыйлық даярлапты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қала жұртын діттеген жеріне жылдам жеткізуді көздейтін метрополитен 1 желтоқсан күні сегізінші туған күнін тойлады. Осыған орай, қоғамдық көлік қызметкерлері Алматы метросына ән арнап, бейнебаян түсірді.

Метрополитеннің жайлылығы мен тиімділігі, қызмет ететін бөлімдері мен тәртіп сақшылары туралы ән бірден халық көңілінен шықты.

"Күшті", "Жұмыста табысты, абыройлы болып, өрлей беріңіздер", "Керемет шыққан, жарайсыздар", "Ауызбірлігі жарасқан мықты ұжым. Халыққа жасаған еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін!", "Мен жолаушы ретінде біздің метроны жақсы көремін. Бейнебаян жақсы шыққан. Ең алдымен, үнемі тік тұратын метрополитен күзеті қызметкерлеріне рахмет. Жұмыстарыңыз оңай емес", "Тамаша, метромыз ұлғая берсін" - деп жазды көпшілік.

Туындының әні мен сөзін жазған Бақтыбай Есмағанбетов, аранжировкасын әзірлеген Руслан Кәрібаев, ал режиссері Рауан Молдахмет.


Қоғамдық көлікке арналған ән жайлы Алматы метрополитен қызметкері Дәурен Төрехан өз Instagram парақшасында да хабарлап үлгерді.
"Мінекей, достар. Сіздермен бөліскім келіп тұр. Арнайы метрополитен және естелік үшін қызметкерлермен бірге ән шығарып, бейнежазба түсірдік. Көріп, бағасын берерсіздер. Бақтыбай ағамыз болмаса, бүл ән жарыққа шықпас еді, рахмет! Сонымен қатар, аранжировкасын жасаған Руслан бауырымызға, режиссер әрі оператор Рауан бауырымызға рахмет! Жылы лебіздеріңізге рахмет!",- деп жазды ол.