Бейсен Құранбек басқарған "Жетісу" телеарнасына жаңа басшы тағайындалды

0
1 482

Жаңа басшы Бейсен Құранбектің бірінші орынбасары болған.


Бейсен Құранбек басқарған

Танымал журналист Бейсен Құранбек басшы болған "Жетісу" телеарнасының директоры болып Серік Әбікенұлы Сарыбай тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Ал, міне жақсы жаңалығым! Серік Әбікенұлы Сарыбай "Жетісу" телеарнасының директоры болып тағайындалды. Бейсекеңмен бірге бастаған істі жалғастырып, арнаның ары қарайғы даму жолы Секеңнің басшылығымен жүзеге аса бермек", - деп жазады Ғ.Жүкел.

Серік Әбікенұлы - әр жылдары еліміздің маңдайалды телеарналарында, мерзімді баспасөз саласында жемісті еңбек еткен білікті журналист. Бұған дейін "Жетісу" телеарнасының бас директоры қызметін атқарып, жуырда өмірден озған белгілі журналист Бейсен Құранбектің бірінші орынбасары болған.