Бекшин Қазақстанда тіркелген вакцинаны салдыратынын мәлімдеді

0
1 438

​Алматының бас санитар дәрігері егер ағзасында антидене болмаса, қолжетімді вакцинаны салдыратынын атап өтті.


Бекшин Қазақстанда тіркелген вакцинаны салдыратынын мәлімдеді

ERNUR.KZ. Алматының бас санитар дәрігері ағзасынан антидене табылмаса, Қазақстанда тіркелген вакцинаны салдыратынын айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Вакцина пайда болған кезде бір апта бұрын антиденелердің бар-жоғын анықтауым керек. Егер антидене сақталса, вакцина салдырудың қажеті жоқ. Егер жоқ болса, қолжетімді вакцинаны салдырамын. Бұл не ресейлік, не отандық болады", - деді ол.

Ол Қарағандыда ресейлік вакцина шығаратын зауыт ашылғанын атап өтті. Одан кейін оны дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеуі қажет. Сол кезде ғана ел ішінде вакцина салдыру басталады.


"Қазір Тараз бен Алматыда отандық вакцинаның клиникалық сынағының үшінші кезеңі жүріп жатыр. 3 мың еріктіге вакцина егіледі, содан кейін сол вакцинаны егеміз бе, жоқ па, нақты шешіледі. Ал қазірге дейін вакцинаның қауіпсіздігін тексеру сынағының кезеңдері сәтті өтті. Алдын ала ақпарат бойынша біздің вакцина 96% тиімділікті көрсетті. Бұл өте жақсы көрсеткіш", - деді Бекшин.


Айта кетейік, шілденің басында Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясын жұқтырған еді. Сол кезде қаланың бас санитар дәрігері қашықтан жұмыс істеді.