Ержан Байтілес «Ақ жол Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Алты Алаш», «Ана тілі», «Егемен Қазақстан» секілді еліміздің іргелі басылымдарында тілшіліктен бастап журналистиканың барлық сатысынан өткен тәжірибелі журналист.
Белгілі журналист Ержан Байтілес жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.
«ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошановтың бұйрығымен Президент Баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі, белгілі журналист Ержан Байтілес бүгіннен бастап ҚР Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (саяси қызмет) болып тағайындалды», деп жазды Берік Уәли.
Ержан Байтілес «Ақ жол Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Алты Алаш», «Ана тілі», «Егемен Қазақстан» секілді еліміздің іргелі басылымдарында тілшіліктен бастап журналистиканың барлық сатысынан өткен тәжірибелі журналист.
«Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары ретінде қоғамдық жұмысқа да белсенді араласқан азамат. Осыдан екі жыл бұрын ҚР Президентінің Баспасөз қызметіне арнайы шақырдық. Солайша мемлекеттік қызметтің қыр-сырына үйреніп, үлкен мектептен өтіп, шыңдалды. Енді қанаты қатайып, тәжірибесі толысып тағы бір баспалдаққа көтеріліп жатыр», - деді Берік Уәли.