Белгісіз адам Алматыдағы 12 мектепті "жарып жібермек" болды

0
2 502

​Қазіргі кезде жасырын автордың хатында көрсетілген барлық ғимараттар саперлардың көмегімен тексеріліп жатыр.


Белгісіз адам Алматыдағы 12 мектепті

ERNUR.KZ. Ақша бермеген жағдайда білім ордасын жарып жіберетіні туралы хабар мектеп әкімшілігіне хат арқылы түскен, деп жазады sputniknews.kz.

"Қазіргі кезде Алматы қаласындағы 12 мектеп ғимараты саперлардың көмегімен мұқият тексерілуде", – делінген хабарламада.

Бұл жағдай Қылмыстық кодекстің 273-бабы (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Ал аталған бапта кінәліге 5 000 АЕК-ке дейінгі (1 айлық есептік көрсеткіш – 2 917 теңге) айыппұл салу көзделеді немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады. Сондай-ақ, бес жылға дейін бас бостандығын шектеу, немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру да қарастырылған.

Айта кетейік, қылмыстың бұл түрі үшін жауапкершілік 14 жастан бастап қарастырылған.

Сонымен қатар, жасырын автордың жеке басын анықтап, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.