Белгісіз адамдар өзбекстандықтарға теракт жасауға үндейтін хаттар жолдап жатыр

0
525

Министрлік мамандары мұндай хабарламаларды алған кезде үрейге бой алдырмауға, оларды өзге де чаттарға, таныстарына және достарына жібермеуге шақырады.


Белгісіз адамдар өзбекстандықтарға теракт жасауға үндейтін хаттар жолдап жатыр

ERNUR.KZ. Өзбекстанда белгісіз адамдар әлеуметтік желілер арқылы террорлық актілерді ұйымдастыруға шақыратын хабарламалар таратып жатыр, деп жазады inform.kz.

Өзбекстан ІІМ мәліметінше, әлем елдеріндегі лаңкестік шабуылдардан соң Өзбекстан және оған іргелес мемлекеттердің тұрғындарына адамдар көп жиналатын объектілерде теракт ұйымдастыруға шақыратын хабарламалар түсіп жатыр.

«Арандатушылық хабарламалардың көбі Telegram мессенджері арқылы жіберіледі. Белгісіз адамдар түрлі сомалар төлеуге, қару-жарақпен қамтамасыз етуге және іс-қимыл жоспарын жіберуге уәде беруде. Ең қорқыныштысы, теріс пиғылдылар көбіне балаларға хаттар жолдап жатыр. Кейбір елдерде араңдатушылар бүлдіршіндер туралы барлық деректерді білетін алға тартып, сол арқылы қорқытып, қысым көрсеткен жағдайлар тіркеледі. Мұндай адамдардың суреттері жоқ және байланыс нөмірлері жасырылған», - деп мәлім етті ведомстводан.

Министрлік мамандары мұндай хабарламаларды алған кезде үрейге бой алдырмауға, оларды өзге де чаттарға, таныстарына және достарына жібермеуге шақырады. Тиісінше, дереу 102 нөмірі бойынша хабарласып, ішкі істер органдарына хабарлау қажет.

«Хатты жібергендерді бұғаттаңыз және оларға жауап беріп, сөйлесуге тырыспаңыз. Есіңізде болсын, алаяқтар мұны көпшілік арасында дүрбелең тудыру үшін жасайды. Ал республиканың құқық қорғау органдары қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдайды», - делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Қоса кетсек, бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Ресейдегі терактіге қатысты пікір білдіріп, халықаралық ахуалдың одан сайын күрделене түскенін мәлімдеген еді.