Береке-бірліктің арқасында өршіген індетті еңсердік - Тоқаев

0
2 327

Мемлекет басшысы пандемия жарияланған бір жылда атқарылған жұмыстар туралы айтты.


Береке-бірліктің арқасында өршіген індетті еңсердік - Тоқаев

Әлемде коронавирус пандемиясының басталғанына бір жыл толды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қазақстан Президенті Twitter парақшасында еске салды.

«Бір жыл бұрын ДДСҰ пандемияның басталғанын жариялады. Содан бері Қазақстан бүкіл әлеммен бірге көптеген қиындықты бастан өткерді. Мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдады» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.

Оның айтуынша, төтенше жағдай кезінде табыссыз қалған тұрғындарға қаржылай және басқа да көмек берілді.

«Біз береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында өршіген індетті еңсердік» дейді Мемлекет басшысы.