​Бес баланың өмірін жалмаған өрт неден шықты

0
3 244

Оның айтуынша, өрт шыққан құрылыс нысаны уақытша тұруға арналған. Ол жерде тура сондай бірнеше нысандар бар. Иесі - қайтыс болған балалардың анасының үлкен апасы. «Алдын ала қорытындыға сәйкес, балалар иіс тиіп, қайтыс болған. Бұл дегеніміз, үйдің төбесі опырылып құлағанда барлығы ес-түссіз жатқан»


​Бес баланың өмірін жалмаған өрт неден шықты

ERNUR.KZ. ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин бес қыздың өмірін қиып кеткен қайғылы оқиғаның алдын ала себебін жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, өрт шыққан құрылыс нысаны уақытша тұруға арналған. Ол жерде тура сондай бірнеше нысандар бар. Иесі - қайтыс болған балалардың анасының үлкен апасы. «Алдын ала қорытындыға сәйкес, балалар иіс тиіп, қайтыс болған. Бұл дегеніміз, үйдің төбесі опырылып құлағанда барлығы ес-түссіз жатқан», - деді Ю.Ильин журналистерге берген сұxбатында.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, қайғылы жағдайға тап болған отбасының туыстары жарты сағат бұрын балаларды көріп кеткен. Пеш те дұрыс істеп тұрды. Ал түнгі сағат 2:34 көршілер өрт сөндіру қызметіне xабар берген.

«Өрт неден шықты? Далаға шығатын мұржаның асбест қаптасы болмаған. Содан ағаш шатыр өрттенді. Қазір арнайы зертxана жұмыс істеп жатыр. Соның қорытындысы бойынша нақты себептер белгілі болады», - деп атап көрсетті Ю.Ильин.

Айта кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шықты. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген 5 баланың денесі табылды. Ең кішісі небәрі үш айлық сәби еді.

Өрт кезінде бес баланың ата-анасы түнгі жұмыста болған.

Үйдің отағасын түнгі уақытта жұмыс берушісі шақырып алған.