"Бетіне түкірді": атыс болған үйдің қызметкері секіріп өлген ер адам туралы айтты

0
556

​"Бұқар жырау" тұрғын үй кешенінің қызметкері 17-ші қабаттан секіріп өлген ер адаммен бұрын дін тақырыбында әңгімелескенін айтты.


ERNUR.KZ. "Бұқар жырау" тұрғын үй кешені №3 блоктың Валентина есімді консьержі бірнеше күн бұрын атыс ашқан ер адам туралы айтып берді, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"Онымен бірнеше рет сөйлескенмін. Қандай да бір тақырыпқа қатысты әңгіме айтқанда оған қарсы пікір айтсаң, ашуланып, көз алдында өзгеріп шыға келеді. Дөрекілік танытады. Әйтеуір ортақ тіл табысып кеттік. Өтіп бара жатып бірде бөтелке, бірде алма беріп кететін", - деді Валентина.


Алайда ол ер адамның нақты атын білмейтінін айтты. Ортақ чатта Аби Сұлтан деп жазылған, басқалары оны Сүлеймен деп атапты.

"Ол өте діндар адам болды, тіпті фанатик деп айтар едім. Құран мен Библияны жақсы білетін. Ұлы, отбасы туралы айтатын. Төрт баласы бар, бірнеше жыл бұрын неге екенін білмеймін әйелі кетіп қалған. Осында төрт айдан бері жұмыс істеймін. Ол жалғыз тұратын, кешенде 10 жыл, біраз уақыт отбасымен де бірге тұрған", - деді Валентина.

Басқа тұрғындар да ер адамның 10 жылдан бері тұратынын растады. Әйелі мен төрт баласы шамамен 5 жыл бұрын кетіп қалған.


"Өте дөрекі адам болды. Менің көзімше бір жағдай үшін әйелдің бетіне түкірді. Әрине, қайтыс болған адамды жамандауға болмайды, бірақ бұл жерде ешкім ол туралы жақсы пікір айтпайтын сияқты", - деді Валентина.




"Әріптесім ел аузындағы жағдайды айтып берді. Марқұм паркинг арқылы көшеге шығып күзетшіге барған. Оның белінде пышағы мен қолында мылтығы болған. Күзетшіден рациясын сұраған, содан кейін оны жаралаған. Паркинг арқылы қайта оралып, полицияны көргеннен кейін пәтеріне кірген", - деді Валентина.


Ал оқиға күні консьерж демалыста болып, орнына кезекпен істейтін қызметкер шыққан.

Тұрғындар көршісінің ерсі әрекетіне пәтер иелері кооперативіне бірнеше рет шағымданған. Алайда ешқандай шара қолданылмаған.