BI Group басшысы екі қалаға тыныс алу аппаратын тарту етті

0
1 724

Аппараттар өз қызметкерлері үшін сатып алынған.


BI Group басшысы екі қалаға тыныс алу аппаратын тарту етті

Еліміздегі құрылыс компанияларының бірі - BI Groupтың басшысы Айдын Рахымбаев 4 дана өкпені жасанды тыныс алу аппаратын Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласына жіберді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Айдын Рахымбаев өзінің facebook парақшасында жазды.

"Жағдайдың ушығып бара жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан өз қызметкерлеріміз үшін сатып алынған 4 жасанды тыныс алу аппаратын Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласының тұрғындарына береміз. Бізде BI Group-та әзірге аса ауыр жағдайдағы науқастар жоқ. Ол аппараттар біраз адамның өмірін құтқарып қалуға көмектессін. Бізде, басқа аппарат жоқ. Тағы тапсырыс беріп жатырмыз. Өзіміз үшін әкеліп үлгереміз деп үміттенемін. Бекем болыңыздар!", - деп жазады Айдын Рахымбаев.