Бибігүл Асылова 1975 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Бибігүл Асылова білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша, Бибігүл Амангелдіқызы Асылова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Бибігүл Асылова 1975 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Көкшетау облыстық қаржы басқармасының бюджет бөлімінің жоспарлау, білім беруді және мәдениетті қаржыландыру бөлімінің маманы қызметінен бастады.
1994-1998 жылдары - Көкшетау және Петропавл қалаларының мемлекеттік органдарында маман болып жұмыс істеген.
1998-2016 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Мәдениет министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдарында жұмыс істеген.
2016 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарған.