Бибісара Асаубаева: Біреудің намысына тисем, кешірім сұраймын

0
614

Әлеуметтік желіде Үнді еліндегі аталмыш турнирге Қазақстан атынан қатысуға барған Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік арасында келеңсіз дауы туындаған болатын.


Бибісара Асаубаева: Біреудің намысына тисем, кешірім сұраймын

ERNUR.KZ. Белгілі шахматшы, блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Instagram парақшасында Нью-Делидегі Гран-при турнирі қарсаңында туындаған дауға нүкте қоюға дайын екенін меңзеп жазба қалдырды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Үндістандағы Гран-при жарысында болып жатқан бейберекетсіздікті «көбелек эффектісіне» теңеуге болады. Жағаның бір жағасындағы серпілген қанаттан туындаған «цунами» қарсы жағадағы бізді жауып қалды. Кеше мен әңгімелеген бір эпизод енді не істеуіміз керектігін түсіне алмайтындай салдарға әкелді.

Кеше мен қызбалыққа салынған шығармын (ол үшін өзіме тиесілі хейттер легін алып үлгердім де). Сөз жоқ, суық сананың алдында жүретін эмоциялар да біраз дүниені бүлдіруі мүмкін. Бұл бәрімізге сабақ болсын. Шахматшыға бірнеше қадамды алдын ала ойлау керек – әсіресе өмірде сондай қабілеттің болғаны жақсы. Өйткені өмірдегі қателіктің құны шахмат тақтасынан әлдеқайда жоғары. Қателескен болсам, мойындауға дайынмын», - деді ол.

Сондай-ақ, ол қазір ең әуелі турнирді абыроймен аяқтауға ғана мүдделі екенін атап өтті.

«Бірақ қазір мен бір ғана нәрсені қалаймын: Нью-Делиде болып жатқан дүниелер еш жерде болмаса екен. Салғырт ұйымдастыру да, ұйқы қанбау да, көз жасы да, дау-дамай да, құрсаулы белгісіздік те, бітіп бермейтін, жалған үміт сыйлайтын уәделер де болмаса екен. Шахмат ойнап, рекордтар орнатып, елімнің абыройын асырып, жақындарымды қуантқым ғана келеді. Біз бұл жерге сол үшін келген едік қой. Бізге сондай мүмкіндік береді де деп үміттенем. Қасиетті Рамазан айында ойыңның таза, ниетіңнің игі болғаны айрықша маңызды. Біреулердің намысына тисем, кешірім сұраймын. Ондай мақсатым болған жоқ. Құрметке лайық адам жетсін!», - деп жазды шахматшы.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде Үнді еліндегі аталмыш турнирге Қазақстан атынан қатысуға барған Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік арасныда келеңсіз дауы туындаған болатын.