Білім беру ұйымдары директорларын қызметке тағайындаудың жаңа жүйесі енгізіледі

0
1 136

Ұйым жетекшісі бір орында 25-30 жыл қатарынан қызмет ететін оқиғалар кездесіп жатады, дейді министр.


Білім беру ұйымдары директорларын қызметке тағайындаудың жаңа жүйесі енгізіледі

ERNUR.KZ. Биыл күзден бастап білім беру ұйымдары директорларын қызметке тағайындаудың жаңа жүйесі енгізіледі. Бұл туралы «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«2021 жылдың қыркүйегінен білім беру ұйымдары директорларын қызметке тағайындаудың жаңа жүйесі енгізіледі. Бұл өз кезегінде балалар үйлеріне, мектептер мен колледждерге қатысты. Осыған қатысты көптеген сұрақтар болған еді. Ұйым жетекшісі бір орында 25-30 жыл қатарынан қызмет ететін оқиғалар кездесіп жатады. Дегенмен олардың жұмысынан нәтиже болмайтын жағдайлар да байқалып отыр. Сондықтан тағайындаудың жаңа жүйесі ең маңызды сұрақтарға жауап береді деп ойлаймын», - деді Асхат Аймағамбетов.