Білім министрлігі диплом беруді электронды форматқа көшірмекші

0
1 303

Білім және ғылым министрлігі білім жүйесін толығымен электронды форматқа көшіруді жоспарлап отыр


Білім министрлігі диплом беруді электронды форматқа көшірмекші

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп жазады sputniknews.kz.

Шәмшидинованың айтуынша, білім және ғылым министрлігі білім жүйесін толығымен электронды форматқа көшіруді жоспарлап отыр.

"Диплом беру, диплом алу – барлығы электронды форматқа көшіріледі. Сонда ғана жемқорлыққа жол берілмейді. Егер электронды форматта болса, бақылау болады", - деді министр журналистерге.

Сондай-ақ, ол жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жаңа курс енгізіліп жатқанын атап өтті.

"Біз бұл жұмысты бастап кеттік. Биыл сауалнама жүргізген кезде, балалардың 70%-тен астамы жемқорлықпен бетпе-бет келмегенін айтты. Бірақ қалған процент бізді әлі де алаңдатады, сондықтан бұл бағытта жұмысты жалғастырамыз", - деп сендірді Шәмшидинова.

Бұған қоса, министр емтихан жұмыстарын анонимді тексеру жүйесін енгізу, барлық жұмысты антиплагиатқа тексеру жемқорлыққа тосқауыл болатынын айтты.