Бір айда бес рет ұрлық жасаған елорда тұрғыны ұсталды

0
1 871

Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.


Бір айда бес рет ұрлық жасаған елорда тұрғыны ұсталды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы Полиция басқармасы қызметкерлері жеке мүлікті бірнеше рет ұрлады деген күдікпен 34 жастағы елорда тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеп-тексеру барысында оның желтоқсан айында ғана бес рет ұрлық жасағаны анықталды. Ер адамның күртешесін және Каспий банктің картасын, жалпы құны 180 мың теңге тұратын екі велосипедті, әйел адамның күртешесін, сөмке мен қысқы аяқ киім ұрлаған.

Барлық эпизодтар бойынша ер адам жасаған іс-әрекетін мойындады, сондай-ақ, заттарды бөгде адамдарға өткізіп жібергенін, түскен ақшаны спирттік ішімдікке жұмсағанын айтты.

Қазіргі кезде күдікті УҰИ-ға қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Оның елорда аумағында осы секілді бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.