Бір күнде 155 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан көз жұмды

0
363

Коронавирустан қайтыс болғандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында және Қарағанды облысында - 20 науқас.


Бір күнде 155 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан көз жұмды

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен ковидтік пневмониядан қайтыс болғандар санын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ресми мәліметке сәйкес, соңғы бір тәуліктің ішінде коронавирустан 129 науқас, ал вирустық пневмониядан 26 адам көз жұмды.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында және Қарағанды облысында - 20 науқас.

Шымкент қаласында - 19, Алматы қаласында - 15, Павлодар облысында - 10, Маңғыстау облысында - 8, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында - 7, Ақтөбе және қызылорда обылстарында - 6, Атырау облысында - 5, Жамбыл облысында - 2, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында - бір адамнан көз жұмған.

"6 тамыздағы мәлімет бойынша 107 807 адам коронавирус инфекциясынан (–104 321 + және 3 486 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 30 139 пациент стационарда, 77 668 науқас үйде ем қабылдап жатыр", - делінген ресми хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  • 1 884 адамның жағдайы ауыр;
  • 400 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 187 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Айта кетері, Қазақстанда өткен тәулікте 7 769 адамның коронавируспен ауырғаны расталды. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавирусқа шалдыққандар саны теңесті. Екі мегаполисте де бір тәулікте 1 507 тұрғыннан вирус табылды.