Бір тәулікте коронавирус мен пневмониядан 62 адам көз жұмды

0
498

Індет жұқтырған 1157 адамның жағдайы ауыр.


Бір тәулікте коронавирус мен пневмониядан 62 адам көз жұмды

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен ковидтік пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен тәулікте коронавирустан 54 науқас, ал COVID белгілері бар пневмониядан 8 пациент көз жұмды.

Жалпы пандемия басталғалы коронавирустан 5116 адам, пневмониядан 3562 адам қайтыс болды.

21 шілдедегі мәлімет бойынша, республикада 64 367 адам коронавирус инфекциясынан (–62 651 + және 1716 КВИ-) емделіп жатыр. Соның ішінде 20 050 пациент стационарда, 44 317 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1157 адамның жағдайы ауыр,
  • 263 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 160 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.