Бірқатар автожолда ауыр жүк көліктерінің жүруіне уақытша тыйым салынды

0
684

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратқан мәліметке сенсек, көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау мақсатында бір оське 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк және ірі габаритті автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды.


Бірқатар автожолда ауыр жүк көліктерінің жүруіне уақытша тыйым салынды

ERNUR.KZ. Қазақстанда ауыр жүк көліктері үшін уақытша шектеу енгізілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратқан мәліметке сенсек, көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау мақсатында бір оське 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк және ірі габаритті автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Осылайша, 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жолдарында қозғалысқа шектеу бар.

Сондай-ақ, 23 наурыздан 1 мамырға дейін — Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да ауыр жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынады.