"Бірнеше рет пышақтаған": Қарағандыда үйден ер адамның мәйіті табылды

0
925

Осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 және 29 жастағы қала тұрғындары ұсталды.


ERNUR.KZ. Қарағандылық патрульдік полиция ізін суытпай аса ауыр қылмыс жасағандарды қолға түсірді, деп жазады Polisia.kz.

11 маусым күні таңғы 6.17 шамасында Назарбаев даңғылындағы үйлердің бірінен денесінде бірнеше жерден пышақ жарақаттары бар 28 жастағы ер адамның мәйіті табылды.


– Адам өлімі туралы хабарлама түсісімен ішкі істер органдарының барлық жеке құрамына бағыттама берілді. Қарағанды қ.ПБ патрульдік полиция нараядтарымен оқиға болған жерге жақын барлық аудандарға тексеріс жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен ізін суытпай 28 және 29 жастағы қала тұрғындары ұсталды. Күдіктілер қылмыс жасағандарын мойындады, – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.


Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-тармағы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.