Бұған қатысты мәдениет және спорт министрлігінің «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 3 тармағына сәйкес шыққан бұйрығында айтылған.
ERNUR.KZ. Қазақстан Үкіметі ректор лауазымына тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және жоғары оқу орындарының тізімі белгілі болды, деп жазады baq.kz.
Бұған қатысты мәдениет және спорт министрлігінің «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 3 тармағына сәйкес шыққан бұйрығында айтылған.
Онда бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі бекітілу керектігі айтылып, бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернетресурсында орналастыруды қамтамасыз ететіні жазылған.
1: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақ ұлттық хореография академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны сынды оқу орындары енген.