Біртанов ісі: Жоғарғы сот кеңесі судья Әлкенов әрекетінің заңдылығын тексереді

0
641

Осыған дейінгі сот отырысында Біртанов судья Әлкеновты қылмыстық істі қараудан шеттетуді сұрады.


Біртанов ісі: Жоғарғы сот кеңесі судья Әлкенов әрекетінің заңдылығын тексереді

ERNUR.KZ. Бүгін экс-министр Елжан Біртанов пен оның экс-орынбасары Олжас Әбішевтің ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сот отырысына дейін жазды.

Жоғарғы сот кеңесі Елжан Біртановтың судья Ибрагим Әлкеновті жұмыс істемейтін электронды денсаулық платформасы ісіне қатысты ашық сот процесін аудио-бейне жазуға тыйым салғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтінішін биылғы 4 тамызға дейін қарайды. ЖСК Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотынан осы «әділет әкімшісінің» заңсыздығы мен озбырлығына объективті құқықтық баға береді деп сенемін, - деді Біртанов.

Айта кетейік, осыған дейінгі сот отырысында Біртанов судья Әлкеновты қылмыстық істі қараудан шеттетуді сұрады. 2022 жылғы 12 шілдедегі сот отырысында судья Әлкенов сот отырысында аудио және бейнежазбаны тоқтату және сот отырысы залында отырғандар мен онлайн қатысушылар үшін де тыйым салу туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, Елжан Біртанов 2020 жылы қызметінен кетті. Экс-министрдің ұсталғаны туралы қараша айының басында белгілі болды. Бастапқыда «мемлекет ақшасын жымқырды» деп айыпталды. Одан кейін тура тергеу аяқталар тұста бап «лауазымдық өкілетін теріс пайдаланды» деп өзгертілді. Оның орынбасары болған Олжас Әбішев те «билігін асыра пайдаланды» деген күдікке ілінді. Содан кейін экс-министрге "мемлекеттік қызметшінің тиімді имиджін қалыптастырды" деген айып тағылды. Алайда 2 экс-шенеунік те кінәсін мойындаған жоқ. Қаңтар айында № 2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ибрагим Әлкенов тергеу органдары "көп қателік жіберді" деп мәлімдеп, істі бас прокуратураға қайтарған.