Біртанов жарылыстан зардап шеккен арыстықтардың бүгінгі жағдайы туралы айтып берді

0
685

Қазіргі уақытта 3 зардап шегуші ауруханада ем алуда.


Біртанов жарылыстан зардап шеккен арыстықтардың бүгінгі жағдайы туралы айтып берді

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Арыстағы жарылыстан зардап шеккендердің қазіргі халі туралы түсініктеме берді, деп жазады Елорда Инфо.

«Қазіргі уақытта 3 зардап шегуші Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аурухаларында ем алып жатыр. Оның екеуінің өміріне қауіп жоқ, жағдайы бірқалыпты, жоспар бойынша ем алып жатыр. Үшінші зардап шегуші 8 жасар баланың жағдайы ауыр болып тұр. Бала елордаға жеткізілген соң бірнеше рет ем-шара қабылдады, сондай-ақ, Ресейден мамандар шақырылды. Одан бөлек, өзіміздің де мамандар жіті қадағалауда өкінішке қарай әзірге оң нәтиже бермей отыр. Біз қолдан келген бар жағдайды жасап, қажет деген медициналық көмектердің барлық түрі көрсетілуде», - деді министр.

Сонымен қатар, министр зардап шегушілердің жағдайы өзінің жіті қадағалауында екенін айтып, күнделікті ақпаратты алып отырғанын жеткізді.