Біртановқа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау күні белгіленді

0
726

Орындалмаған жұмыстардың құны 4,1 млн доллар немесе 1,5 млрд теңге.


Біртановқа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау күні белгіленді

ERNUR.KZ. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау күні 26 қаңтарда болады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Тыңдау ашық режимде өткізіледі. Экс-министрге қатысты қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының өндірісіне келіп түсті. Төреші – Алькенов Ибрагим Ерланұлы.

Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы 2020 жылдың қараша айында ұсталған болатын. Шілде айының 7-сі күні сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны және қылмыстық іс материалдарымен танысудың басталғаны туралы ақпарат жарияланды.

Е.Біртанов пен оның орынбасары О.Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттандыру платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде.

Платформа денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемаларды жедел шешу үшін пациенттер, дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар туралы барлық ақпаратты біріктіруі керек еді. Бүгінгі таңда платформа жұмыс істемейді және оны медициналық мекемелер пайдаланбайды. Орындалмаған жұмыстардың құны 4,1 млн доллар немесе 1,5 млрд теңге.