Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы ұзартылды

0
676

Бірақ сот санкция шарттарын жеңілдетілген күйде қалдырды.


Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы ұзартылды

ERNUR.KZ. Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 14-ші маусымға дейін ұзартылды, деп жазады inbusiness.kz.

Бірақ сот санкция шарттарын жеңілдетілген күйде қалдырды. Яғни экс-министр белгіленген уақытта жұмысқа барып келе алады.

Алайда күні кеше ғана тергеушілер мен прокуратура Біртанов сот шарттарын бұзды, оның шетелде жылжымайтын мүлкі бар, қашып кету мүмкіндігі басым деп мәлімдеді.

Сондай-ақ мемлекеттің бір жарым млрд теңгесін талан-таражға салды деген болатын.