Ведомствоның экс-басшысына бірқатар дәрігерлер мен қоғам белсенділері араша түскендіктен ол үйқамаққа ауыстырылған.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанның ауданаралық соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ жазасын 2021 жылдың наурыздың соңына дейін созу туралы шешім шығарды, деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы экс-министрдің қорғаушысы Дмитрий Куряченко мәлім етті.
"Тергеу амалдарына сәйкес, 2021жылдың 12 ақпанында сот Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін наурыз айының соңына дейін созды", - деді адвокат.
Бұған қоса, ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың іске араласуын сұрап, хат жібергенін алға тартты.
Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі болған Елжан Біртанов қамауға алынғаны белгілі болған еді. Ведомствоның экс-басшысына бірқатар дәрігерлер мен қоғам белсенділері араша түскендіктен ол үйқамаққа ауыстырылған.