Бірыңғай зейнетақы төлемін меншіктегі үйді жөндеу үшін жұмсауға рұқсат жоқ

0
2 258

​Зейнетақы шотындағы қаржы сатып алынған үйді жөндеуге ғана жұмсалуы мүмкін.


Бірыңғай зейнетақы төлемін меншіктегі үйді жөндеу үшін жұмсауға рұқсат жоқ

ERNUR.KZ. Зейнетақы жинағындағы шекті мөлшерден артылған ақшаны меншікте бұрыннан бар үйді жөндеу үшін жұмсауға жол берілмейді, деп жазады inbusiness.kz.

Тек сатып алатын үйіңізді әрлеуге ғана бағыттай аласыз. Бұл туралы құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев айтты.

«Ережеде үйді сатып алу үшін жинақтағы қаржыны пайдалануға рұқсат етіледі. Бірақ салымшыда өзінің меншігіндегі үйді жөндеуге қаржысын тікелей жұмсауға мүмкіндік жоқ. Тек қана сатып алған үйін жөнеуге рұқсат етіледі», – деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.