Бишімбаевтың көріпкеліне хабарласыңыз": Қызылорда соты жалған ақпарат таратқан қыздың ісін тоқтатты

0
668

Мәліметтерге сүйенсек, белсенді тұрғынның өзі тағылған айыпты жоққа шығарды.


Бишімбаевтың көріпкеліне хабарласыңыз

ERNUR.KZ. 28 мамырда сот қызылордалық белсенді Гүлназ Серікбаеваға қатысты істі құқық бұзушылық белгілерінің жоқтығы үшін тоқтату туралы шешім шығарды. Оған әлеуметтік желідегі жазбасы үшін "жалған ақпарат таратты" деген айып тағылды, деп жазады stan.kz.

Мәліметтерге сүйенсек, белсенді тұрғынның өзі тағылған айыпты жоққа шығарды.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, полиция баяндамасында белсендінің Facebook-те жазбасын жариялағаны көрсетілген.

“Батып кеткен малға ақша алу үшін оның мәйітін тауып, дәлел ретінде беру керек. Малдың денесін таба алмасаңыз, Бишімбаевтың көріпкеліне хабарласыңыз, ол 100% көмектеседі”, – делінген хабарламада.

Қорғаушы тарап бұл әрекеттерде қылмыс құрамының жоқтығын алға тартып, Серікбаеваның БАҚ-тағы ақпаратқа негізделгенін баса айтты.

Құқық қорғаушылар Гүлназ Серікбаеваның мақаласы сатиралық сипатта болғанын және бұл жазба белсендіні “саяси қудалауға” себеп болғанын атап өтті.