Биыл 5 мыңға жуық қандас елге оралды – статистика

0
560

Олардың ең көбі Өзбекстаннан келген.


Биыл 5 мыңға жуық қандас елге оралды – статистика

ERNUR.KZ. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 4 575 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 111,1 мың этникалық қазақ оралды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (52,4%) Өзбекстаннан, 19,3% – Қытайдан, 6,3% – Түрікменстаннан, 5,3% – Моңғолиядан, 13% – Ресейден және 3,7% басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,9%), Маңғыстау (13,9%), Түркістан (6,8%) және Жамбыл (5%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (9,0%), Астана (11%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды», - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Осы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,3%-ды және зейнеткерлер 8,6%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 18,5%-ы – жоғары білімді, 39,9%-ы – орта кәсіби білімді, 36,7%-ы – жалпы орта білімді және 4,8%-ының білімі жоқ.