Биыл қандастар мен қоныс аударушыларға бөлінетін квота мөлшері артты

0
563

Былтыр 19 178 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.


Биыл қандастар мен қоныс аударушыларға бөлінетін квота мөлшері артты

ERNUR.KZ. Қоныс аударушылар мен қандастарға 8600-ден астам квота бөлінді, деп жазады sputnik.kz.

Былтырғымен салыстырғанда квота саны 566-ға көп.
2023 жылғы квота келесідей бөлінді:
қандастар үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 138 адам, Қостанай облысы бойынша – 150, Абай облысы бойынша – 196, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 239, Ақмола облысы бойынша – 270, Павлодар облысы бойынша – 932 адам;
қоныс аударушылар үшін: Қарағанды облысы бойынша – 33 адам, Ұлытау облысы бойынша – 120, Абай облысы бойынша – 238, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 305, Қостанай облысы бойынша – 530, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 2 660, Павлодар облысы бойынша – 2 841 адам.
Қандастар мен қоныс аударушыларды қолдау үшін қосымша субсидия түрінде көмек беріледі:
көшуге – отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) көлемінде біржолғы төлем;
бір отбасына 12 ай ішінде тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы ретінде 15-тен 30 АЕК-ке дейін (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) төленеді.
Еске сала кетсек, 1991 жылдан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін 1 миллион 107 мың этникалық қазақ тарихи отанға оралды.
Былтыр 19 178 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.