Биыл Қазақстанда сапасыз қызмет көрсеткен мобильді операторларға 480 миллион теңге айыппұл салынған

0
596

Биылғы қыркүйекке дейін 700 тексеріс жүргізіліп, 180 миллион теңге айыппұл салынған.


Биыл Қазақстанда сапасыз қызмет көрсеткен мобильді операторларға 480 миллион теңге айыппұл салынған

ERNUR.KZ. 2022 жылдың басынан бері сапасыз қызмет көрсеткен мобильді операторларға 480 миллион теңге айыппұл салынған деп жазады stan.kz.

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің сөзіне сенсек, биылғы қыркүйекке дейін 700 тексеріс жүргізіліп, 180 миллион теңге айыппұл салынған. Сол айда сапасыз қызмет көрсететіндердің жазасын күшейтетін заң күшіне еніп, мобильді операторларға салынатын айыппұл 10 есе өскен.

“Бұрын екінші рет сапасыз қызмет көрсеткендер 150 АЕК төлеген болса, қазір 1 500 АЕК төлейді. Заң күшіне енгеннен кейін жүргізілген 300 тексерістің қорытындысына қарап 300 миллион теңге айыппұл салынған”, – дейді министр.

Мусиннің сөзінше, министрлік қызмет көрсету саласын қаттырақ қадағалайтын бастамалар көтере бермек дейді.