Биыл қазақстандықтар көмірсіз қалуы мүмкін

0
452

жылыту маусымына дайындық басталғаннан бері аймаққа шамамен 1 млн тонна көмір жеткізілді, бұл жылдық жоспардың тек 12 пайызы.


Биыл қазақстандықтар көмірсіз қалуы мүмкін

ERNUR.KZ. Еліміздің 6 өңірінде көмірді жеткізу жұмыстары баяу жүріп жатыр. Бұл туралы үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп жазады baq.kz.

Көмірмен қамтамасыз етуге тоқталсақ. Алдағы жылыту маусымына көмірге қажеттілік - 8,6 млн тонна. Оның ішінде, 2,3 млн тонна – коммуналдық тұрмыстық қажеттілікке, 6,3 млн тонна халық пайдалануына қажет, – деді Шарлапаев.

Министрдің мәлімдеуінше, жылыту маусымына дайындық басталғаннан бері аймаққа шамамен 1 млн тонна көмір жеткізілді, бұл жылдық жоспардың тек 12 пайызы.

Мониторинг барысында 6 өңірде, атап айтқанда Абай, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары және Астана қаласында көмірді дайындау жұмыстары төмен екені анықталды. Қазақстан темір жолы және көмір өндіруші кәсіпорындар жоспарға сәйкес өңірлерге көмірдің қажетті көлемін жеткізуге дайын. Аталған өңірлер жұмысты жандандыруы қажет, – деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі.