Биыл мопедтерге қатысты жол-көлік оқиғасында 40-тан астам адам мерт болды

0
296

Биыл мопед жүргізушілерінің 53 мыңнан астам құқық бұзу дерегіне қатысы болған.


Биыл мопедтерге қатысты жол-көлік оқиғасында 40-тан астам адам мерт болды

ERNUR.KZ. Осы жылдың 7 айында мопедтерге қатысты 700-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп жазады inform.kz.

«Осы жылдың 7 айында мопедтерге қатысты 734 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 42 адам қаза тапқан, 799 адам жараланған», - делінген ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Биыл мопед жүргізушілерінің 53 мыңнан астам құқық бұзу дерегіне қатысы болған.

Айта кетейік, шілде айының аяңында елдегі айыппұл тұрақтарында 5 мың мопед тұрғаны белгілі болды.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев жыл басынан бері шағын көлік тізгіндеген жасөспірімдер неше рет жол апатына түскенін айтты.