Биыл мұғалімдерді жұмысқа қабылдаудың жаңа тәртібі бекітілді

0
681

Енді педагогтар конкурстан өту арқылы жұмысқа алынады.


Биыл мұғалімдерді жұмысқа қабылдаудың жаңа тәртібі бекітілді

ERNUR.KZ. Бүгінде мұғалімдерді жұмысқа алудың жаңа тәртібі бекітілді. Енді педагогтар конкурстан өту арқылы жұмысқа қабылданады, деп жазады Azattyq Ruhy.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мұғалімдерді жұмысқа алуда қойылатын негізгі талаптарға білім, еңбек өтілі, ұлттық біліктілік тестілеу нәтижелері және біліктілік санаты, кәсіби жетістіктері жататынын айтты.
«Мектеп директорларын ротациялау жалғасуда. 2022 жылы 1200 аса директор ротациялауға сәйкес келеді. Бүгінде 414 директор ротациядан өтті. Педагогтерді ревакцинациядан өткізу бойынша жұмыс жалғасуда, қазіргі кезде олардың 80%-ы қайта егілді», - деді Шолпан Каринова.
Вице-министр сондай-ақ оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды.
«Биыл 2-сыныпқа арналған оқулықтар толығымен жаңартылып, 1-11 сыныптарға қажеттілікке байланысты арналған оқулықтар сатып алынды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханаларына бекітілген тізбеге сәйкес балаларға арналған 2 млн-ға жуық көркем әдебиет сатып алынады», - деді спикер.