Биылғы эпидемиологиялық маусымдағы тұмау тиген бірінші адам анықталды

0
936

Өңірде тұмау тиді деген болжаммен жеті жасар бала анықталды


Биылғы эпидемиологиялық маусымдағы тұмау тиген бірінші адам анықталды

ERNUR.KZ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ирина Сорокина мәлім етті, деп жазады pavlodarnews.

"Кеше биылғы эпидемиологиялық маусымда болады деп болжаған Н1N1 тұмауы тиді деген болжаммен жеті жасар баланы анықтадық", - деді Ирина Сорокина.

Алайда, бұл баланың сараптамалары зертханада дәлелденбеді. Оған қоса, біз осы маусымда Н3N2, В тұмауы жайылады деп болжаған болатынбыз. Жалпы өңірімізде ЖРВЖ-дың (жіті респираторлық вирусты жұқпалар) 4601 жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда төмен деңгейді көрсетіп отыр. Дегенмен, ауруханаға жатқызу жағдайы 1,8 есеге артқан. Спикердің айтуынша, болжам жасалған тұмаулардың алдын алу мақсатында 195 адам зертханалық тексеруден өткізілген. Қорытындысында тұмау емес вирустардың 19 оң нәтижесі (риновирус-13, аденовирус-2, короновирус-2, РС вирустар-2) алынған.

Айта кетейік, тұмауға қарсы 79934 адамға екпе жасалған. Бұл облыс тұрғындарының 10,3 пайызын құрайды.