Биылғы оқу жылында жаңадан үш пән енгізіледі

0
1 145


Биылғы оқу жылында жаңадан үш пән енгізіледі

ERNUR.KZ. Алдағы оқу жылында білім беру жүйесіне жаңадан үш пән енгізіледі, деп жазады 24.kz.

Яғни қыркүйектен бастап жоғарғы сынып оқушылары «кәсіпкерлік және бизнес», «графика және жобалау», «алғашқы әскери дайындық және технология» деген сабақтарды өтеді. Соңғысы жаңартылған негізде беріліп отыр. Онда оқушылар робототехника мен әскери дайындықты қатар меңгеретін болады. Әрі полигонда өтетін оқу жиындарына қатысады.

Аталған пәндерді оқыту үшін өңірдегі 200-ден аса мұғалім арнайы курстан өтіп жатыр. Облыстық білім басқармасының мамандары осындай өзгерістермен бірге өңірдегі екі мектепте жаңа оқулықтар сынақтан өткізіліп жатқанын айтып отыр. Егер бұл бастама өз тиімділігін көрсетсе, онда келесі жылы жалпы білім беру жүйесіне енгізілмек. Өңірде бұдан өзге де тағы бір қанатқақты жоба жүзеге асырылып жатыр.

"Сонымен қатар оқушылар «Қазақтан тарихын» қазақ тілінде, «Дүние жүзі тарихын» орысша оқыту бойынша пилоттық жоба басталады. Өңірдегі бірқатар мектеп осы жобаға қатысады" - дейді Айжан Адамбекова, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы.