Біз Риддердегі ЖЭО-ны коммуналдық меншікке ала алмаймыз – Ахметов

0
397

Жөндеу науқанын тиімді өткізу үшін кемінде 4 ай қажет, деп толықтырды Ахметов.


Біз Риддердегі ЖЭО-ны коммуналдық меншікке ала алмаймыз – Ахметов

ERNUR.KZ. Заңның солқылдақтығынан мемлекет Риддер жылу электр орталығын коммуналдық меншікке ала алмайды, деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, деп жазады Sputnik.kz.

"Мен монополиясыздандыру туралы заң жобасын әзірлеу қажеттігін президентке жеткіздім. Қазір бұл мәселемен (энергетикалық нысандарды мемлекет меншігіне алу туралы заң жобасын әзірлеумен – Sputnik) үкімет айналысып жатыр", - деді Ахметов үкімет кулуарында.

Журналистің "Риддер жылу электр орталығы мемлекеттік меншігіне өте ме?" деген сауалына солай болады деп үміттенетінін жеткізді. Сонымен қатарәкім қазір Риддер ЖЭО-да жағдай қиын екенін, ЖЭО қожайындары қол қусырып отырғанын және бизнеске бір тиын да салмағанын атап өтті.

"Жағдай өте қиын. Наурыз айынан бастап көмір, мазут және халықтың жалақысын өзіміз төлеп жатырмыз. Өте қиын жағдай", - деді Ахметов.
Оның айтуынша, Риддер ЖЭО қаңтар айы үшін 25 млн қарыз болып қалған.
"Сонымен қатар бүгінде станцияның барлық кредиторы станцияның мүлкіне бұғау салу үшін шара қабылдап жатырмыз, содан кейін оны коммуналдық меншікке өткізуге кірісеміз", - деп жалғастырды Шығыс Қазақстан облысының басшысы.
Жөндеу науқанын тиімді өткізу үшін кемінде 4 ай қажет, деп толықтырды Ахметов.