Бізде ешкім ешнәрсеге жауап бермейді – депутат Қазыбек Иса

0
697

Депутат Үкімет ширек ғасырдан бері шешілмей келе жатқан мәселенің негізгі себептерін анықтап, нақты шешуге кіріспесе, ауыз су мәселесі алдағы 50 жылда да шешілмейтінін айтты.


Бізде ешкім ешнәрсеге жауап бермейді – депутат Қазыбек Иса

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса елімізде су саласындағы проблемаларды атады, деп жазады baq.kz.

Еліміздегі ауыз судағы ең негізгі мәселе – су жүйелерін салу, оны ұқыпты, тиімді, сауатты пайдалану. Ал бұл мәселе елімізде әлі толық шешімін тапқан жоқ. Бір ғана мысал, халық ең тығыз орналасқан Түркістан облысының ауылдарына таза ауыз су әлі толық жеткен жоқ. Еліміздегі ең үлкен су қоймасы бар Шардара қаласының 30 мың халқы, ал сол аудандағы 50 мың адам, ал жалпы 80 мың адам таза ауыз суға қолы жетпей жатыр, - деді депутат.

Оның сөзінше, судың үстіндегі шардаралықтар суға мұқтаж болып отыр.

Ал таза суды тарту мәселесі талай жылдан бері шешілмей келеді. Таза ауыз суға зар болып отырған халықтың салығынан жиналған қаржыдан біздің үкімет жыл сайын сумен қамтуға миллиардтарды бөліп келеді. Мысалы, 1998 жылы, яғни өткен ғасырда пайда болған 2002-2010 жылдарға арналған ауыз су бағдарламасына 1,8 млрд доллар, 2011-2020 жылдарға арналған Ақбұлақ бағдарламасына 2 млрд доллар, ал 2020-2023 жылдарға арналған Нұржы жол бағдарламасына 1,3 млрд доллардан астам ақша жұмсалған. Сонда 25 жыл ширек ғасыр ішінде үш мемлекеттік бағдарлама қабылдап, 5 млрд доллардан астам (триллиондаған теңге) ақша жұмсаса да, таза суға зар болу таза масқара емес пе? – деді Қазыбек Иса.

Депутат Үкімет ширек ғасырдан бері шешілмей келе жатқан мәселенің негізгі себептерін анықтап, нақты шешуге кіріспесе, ауыз су мәселесі алдағы 50 жылда да шешілмейтінін айтты. Өйткені 2000-жылдардан бері салынған су жүйелері қазір істен шыққан.

Қазыбек Иса таза су мәселелерін шешілмейтін себептерін атады:

  • ауыз су мәселесімен осы уақытқа дейін бірнеше мемлекеттік орган айналысып келеді де, нақты жауапты орган не бір тұлға жоқ;
  • жобалық-сметалық құжаттардың сапасыздығы;
  • бағдарламалар жасалғанда нақты жағдайдың толық зерттелмеуі;
  • ауыз су мәселелесін шешуде тек қана бюджеттен инвестицияны пайдалану.
Алдағы екі жылда бұл мәселені қалай шешеміз? Қанша қаржы кетеді? Нақты шешу жолдары анықталуға тиіс. Бұған Үкіметтен бір адам жауап беруі керек. Бізде ешкім ешнәрсеге жауап бермейді. Барлық мәселені кадр шешеді десек, «Қазсушардың» бірінші басшыларының жыл сайын ауысуы да бағдарламалардың орындалуына кері әсер етеді. Қазақстанда су саласында ең негізгі оператор саналатын «Қазсушардың» төрағасы болып бұрынғы басшының хатшысы болған қыздың тағайындала салуы бұл саладағы жағдайдың қалай құлдырағанын көрсетеді, - дейді Қазыбек Иса.