Бизнеске қойылып жүрген артық 10 мың талап қысқартылады – Смайылов

0
651

Үкімет басшысы елімізде бизнесті қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.


Бизнеске қойылып жүрген артық 10 мың талап қысқартылады – Смайылов

ERNUR.KZ. Бұдан былай бизнес өкілдеріне қойылатын артық талаптар қысқарады. Премьер-министр Әлихан Смайылов "Қазақстандық қамту 2.0" халықаралық форумында осылай деп мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Үкімет басшысы елімізде бизнесті қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

"Соңғы жылдардағы оқиғалар жаһандық және аймақтық экономикаға орасан зор әсерін тигізді. Күрделі сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан экономикасы сыртқы жағдайларға бейімделді және тұрақты өсу жолында. Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 4,9%-ті құрады. Негізгі салалар бойынша оң динамика қалыптасып отыр. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 12,6%-ке ұлғайып, 13,3 трлн теңгені құрады", - деді ол.

Смайылов атап өткендей, Үкімет пен Ұлттық банктің іс-шараларының арқасында инфляция деңгейі 10,8%-ке дейін баяулауды.

"Бизнестің мәселелері Үкіметте "Атамекен" палатасымен бірлесе тұрақты түрде қаралып келеді. Шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 36,4%-ке дейін ұлғайды. Осы секторда жұмыспен қамтылғандар саны биыл 14%-ке өсіп 4,3 млн адамды құрады. Бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі іс-шаралар қабылдануда", - деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр бизнеске қойылатын артық талаптарды қысқарту үшін жаңа реттеуші саясат іске асырылып жатқанын айтты. Қазірдің өзінде 9 мың артық талап қысқартылған. Жыл соңына дейін тағы 1 мыңын қысқарады деп мәлімдеді.