БҚО-да 16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтірді деп айыпталды

0
552

Қайғылы оқиға 18 қазанда болған.


БҚО-да 16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтірді деп айыпталды

ERNUR.KZ. БҚО-да 16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді, деп жазады stan.kz.

Қайғылы оқиға 18 қазанда болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әйелдің қайтыс болғанын, дәрігерлер тек оның өлімін тіркегенін жеткізді.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, кісі өлтірді деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу мүддесі үшін полиция басқа ақпаратты жариялай алмайтыны айтылған.

Ауыл әкімдігі бұл отбасының тыныш болғанын, ешқандай есепте тұрмағанын мәлімдеді.