БҚО-да балаларды ұрған жаттықтырушы жұмыстан шығып кетті

0
908

Таяқ жеген бір жігіттің айтуынша, оны Қайсар оны "басқа жаттықтырушы таңдағаны үшін" соққыға жыққан.


БҚО-да балаларды ұрған жаттықтырушы жұмыстан шығып кетті

ERNUR.KZ. Самбодан жаттықтырушысы Қайсар Құсайынов сабақ кезінде екі баланы ұрғаны видеоға түсіп қалды, деп жазады exk.kz.

"Уральская неделя" ақпаратына сүйенсек, видеоны оларға жаттықтырушының ауылдастары жіберген. Видеодан Қайсар Құсайынов жаттығу кезінде екі баланы кеуде тұсы мен басынан ұрып жатқанын көруге болады.

Таяқ жеген бір жігіттің айтуынша, оны Қайсар оны "басқа жаттықтырушы таңдағаны үшін" соққыға жыққан.

"Біз қай жаттықтырушыны таңдайтынымызды өзімсіз білеміз. Ол үшін бізді ұруға болмайды. Сондықтан ата-анам екеуміз полицияға барып, арыз жаздық. Сонда ғана жаттықтырушы Құсайынов бізден кешірім сұрады. Егер біз шағым жазбасақ, ол кешірім сұрамас еді, - дейді зәбір көрген жігіт.

Жаттықтырушы Қайсар Құсайынов өз әрекетін ақтап жатқан жоқ және балаларды ұрғанын растады. Оның айтуынша, олар оны ескертпестен басқа жаттықтырушыға кетіп қалған, ол сол кезде жынданып кеткен.

Шыңғырлау Аудандық ішкі істер басқармасы бастығы Сергей Астафьев бұл іс бойынша әкімшілік хаттама жасалғанын, бірақ жаттықтырушы мен балалардың ата-аналары татуласқаннан кейін істі қарау тоқтатылғанын хабарлады.